Қазақстандық спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойына төленетін қаражат мөлшері қоғамдық талқылауға ұсынылды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі

Құжат “Ашық НҚА” порталында жарияланды. Бұйрыққа сай төлем тікелей спортшылар мен жаттықтырушылардың жеке шотына аударылады. Басты талабы, материалдық қамсыздандыру ел аумағында дене шынықтыру және спорт саласында кемінде 20 жыл еңбек өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын спортшылар мен жаттықтырушыларға беріледі. 

Нақтырақ айтсақ, Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне, олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпиондары атақтарын жеңіп алған спортшыларға және осы санаттағы спортшыларды дайындаған жаттықтырушыларға төленеді. 

Қаражат мөлшері 100 айлық есепткі көрсеткіш. Қазір бұл – 345 мың теңге. Төлем ай сайын аударылады. 

Құжат қоғамдық талқылауда 26-шы сәуірге дейін тұрады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!