4 тамызда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылып, жаңбыр мен найзағай күтіледі. Елдің көптеген өңірінде жауын-шашын болжанса, оңтүстікте ауа температурасы сәл төмендейді. Жауын-шашынсыз ауа райы тек батыстағы жекелеген облыстарда сақталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада құбылмалы бұлтты. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл соғады, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +18…+20, күндіз +28…+30 градус.
Алматыда құбылмалы бұлтты. Кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай болады, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +20…+22, күндіз +25…+27 градус.
Шымкентте құбылмалы бұлтты. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +21…+23, күндіз +33…+35 градус.
Ақтөбеде күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +15…+17, күндіз +29…+31 градус.
Ақтауда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +20…+22, күндіз +28…+30 градус.
Атырауда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +21…+23, күндіз +35…+37 градус.
Жезқазғанда құбылмалы бұлтты. Түнде аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады, күндіз де жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +17…+19, күндіз +27…+29 градус.
Қарағандыда құбылмалы бұлтты. Түнде аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады, күндіз де жаңбыр мен найзағай күтіледі. Ауа температурасы түнде +18…+20, күндіз +29…+31 градус.
Көкшетауда құбылмалы бұлтты. Таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +15…+17, күндіз +26…+28 градус.
Қонаевта құбылмалы бұлтты. Түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +21…+23, күндіз +27…+29 градус.
Қостанайда құбылмалы бұлтты. Жаңбыр жауып, найзағай болады, күндіз бұршақ түсіп, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +14…+16, күндіз +24…+26 градус.
Қызылордада құбылмалы бұлтты. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады, дауыл соғып, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +18…+20, күндіз +29…+31 градус.
Павлодарда құбылмалы бұлтты. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады, бұршақ түсіп, дауыл соғады, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +17…+19, күндіз +30…+32 градус.
Петропавлда құбылмалы бұлтты. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады, бұршақ түсіп, дауыл соғады. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +16…+18, күндіз +25…+27 градус.
Семейде құбылмалы бұлтты. Түнде жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +18…+20, күндіз +33…+35 градус.
Талдықорғанда құбылмалы бұлтты. Кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +19…+21, күндіз +27…+29 градус.
Таразда құбылмалы бұлтты. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +20…+22, күндіз +34…+36 градус.
Түркістанда құбылмалы бұлтты. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +23…+25, күндіз +34…+36 градус.
Оралда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +18…+20, күндіз +30…+32 градус.
Өскеменде құбылмалы бұлтты. Жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +21…+23, күндіз +33…+35 градус.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
