KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК-сы тамыздың 3-і күнгі күн райы болжамын жариялады.

Абай облысында түнде өңірдің батысында, солтүстігінде және орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз солтүстік, шығыс және орталық аудандарда жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15–20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы 35–38 градусқа дейін көтеріледі. Өңірдің шығысында, оңтүстігінде және орталығында жоғары өрт қаупі, солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде таңертең және күндіз жаңбыр мен найзағай болжанады. Жел екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Күндіз 35–37 градус ыстық болады.

Ақмола облысында түнде солтүстік және шығыс аудандарда жаңбыр мен найзағай күтіледі. Күндіз өңірдің батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл болады. Желдің екпіні 15–20 м/с. Батыста төтенше, оңтүстігі мен солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Ақтөбе облысында түнде солтүстік және шығыс аудандарда өткінші жаңбыр мен найзағай болады. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Желдің екпіні 15–20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл болжанады.

Алматы облысының оңтүстігінде күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Таулы аудандарда да қысқа мерзімді жаңбыр күтіледі. Желдің екпіні 15–20 м/с. Өңірдің солтүстігі, батысы және оңтүстігінде төтенше, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда кешке қарай өткінші жаңбыр мен найзағай болады. Іле Алатауының таулы бөліктерінде күндіз жаңбыр мен найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігі мен орталығында, сондай-ақ Қонаевта күндіз ауа температурасы 40–42 градусқа дейін көтеріледі.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде күндіз шаңды дауыл соғады. Желдің екпіні 15–18 м/с. Ауа температурасы 35–38 градусқа дейін ысиды. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында да шаңды дауыл күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл болады. Желдің екпіні 15–20 м/с. Күндіз ауа температурасы 35–39 градусқа дейін көтеріледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде таңертең және күндіз жаңбыр мен найзағай күтіледі.

Жамбыл облысында күндіз желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы 38 градусқа дейін көтеріледі. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады, шығыс және оңтүстік аудандарда жоғары өрт қаупі бар. Таразда төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының таулы аудандарында күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы 35–39 градусқа дейін көтеріледі. Солтүстік, шығыс және орталық аудандарда төтенше, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда күндіз 37–39 градус ыстық болады.

Батыс Қазақстан облысында солтүстік-батыстан және солтүстіктен соғатын желдің екпіні күндіз 15–20 м/с-қа жетеді. Өңірдің батысы мен оңтүстігінде төтенше, қалған бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысында түнде батыс, солтүстік және шығыс аудандарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз шығысында жаңбыр мен найзағай күтіледі. Желдің екпіні 15–20 м/с. Шығыс және оңтүстік аудандарда төтенше, батысы, солтүстігі мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағандыда түнде жаңбыр мен найзағай болады.

Қостанай облысында түнде облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде нөсер жаңбыр күтіледі. Күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл болады. Желдің екпіні 15–20 м/с. Батысы, шығысы және орталығында жоғары, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанайда жаңбыр жауып, найзағай ойнап, күндіз бұршақ түсуі мүмкін.

Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында күндіз жаңбыр, найзағай, дауыл және шаңды дауыл күтіледі. Желдің екпіні 15–20 м/с. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында да төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының солтүстігінде күндіз шаңды дауыл соғады. Желдің екпіні 15–18 м/с. Батысы мен солтүстігінде жоғары, солтүстік-шығысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда жоғары өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз солтүстік және шығыс аудандарда нөсер жаңбыр, бұршақ және дауыл күтіледі. Желдің екпіні 15–20 м/с, шығысында 25 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы 35–37 градус болады. Павлодарда күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл болжанады.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде батысы мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз оңтүстік және шығыс аудандарда жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Желдің екпіні 15–23 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда күндіз жаңбыр мен найзағай, түнде және таңертең тұман күтіледі.

Түркістан облысының батысы мен солтүстігінде күндіз шаңды дауыл болады. Желдің екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы 40 градусқа дейін көтеріледі. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады, солтүстік және шығыс аудандарда жоғары өрт қаупі бар. Шымкентте жоғары, Түркістан қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні 15–20 м/с. Оңтүстікте ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі. Өңірдің оңтүстігі мен шығысында төтенше, қалған бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда желдің екпіні 15 м/с-қа дейін жетіп, жоғары өрт қаупі сақталады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!