Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының 2022 жылдың 26 мамырдағы № 72-жқ бұйрығымен Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары лауазымына Мустафаев Қайсар Мақсұтұлы тағайындалды.

Қайсар Мақсұтұлы 1990 жылы Қызылорда облысы, Қызылорда қаласында туған. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін және Қ. А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ- түрік университетін «Техника және Технология» мамандықтары бойынша тәмамдаған.Еңбек жолын 2008 жылы Қызылорда облысының «РМЗ – Шапағат» ЖШС – ның электромонтері болып бастаған.2009-2015 жылдары–«Казэлектроинженерингсервис» ЖШС –де электромондаждаушы, «Кернеу-СМ» ЖШС – де электромонтер – реттеушісі, «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ-да электрослесарі, күрделі құрылыс бөлімінің инженер-сметчигі,перспективалық даму бөлімінің инженері қызметтерін атқарған.2015-2018 жылдары – Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық басқармасы ММ – нің инспекторы.

2018-2022 жылдары – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық істері комитеті Коммуналдық шаруашылық басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы, Қызылорда облысы әкімі аппаратының бас инспекторы, Қызылорда облысы әкімінің орынбасарының көмекшісі қызметтерін атқарып келді.