Жыл аяғына дейін қаладағы СПМК-70 мөлтек ауданында 500 отбасыға арналған тұрғын үйлер табысталады. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз хатшысы Абай Тағыберген әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Сондай-ақ сол жағалау бойынан 9 қабатты жаңа баспана құрылысы басталады.
Аймақта жолдардың сапасына да жете мән берілмек.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев құрылыстағы мердігерлермен кездесіп, тұрғын үй және жол салу жұмыстарын саралады.

«АЖ» ақпарат