Белгілі журналист Нұрбек Бекбау Түркияға көмек ретінде киіз үй жіберу бастамасын көтерді. Журналист қазіргі таңда 5 млн. теңгеден астам қаржы жиналғанын хабарлаған. Аталған игі іске қызылордалық меценат Сәрсенбаевтар да атсалысуда. 

«Абай-Дәулет» ЖШС директорының орынбасары Марат Сәрсенбаев елдің атынан баратын көмек болғандықтан жаңа киіз үй салып жіберуді шешкенін айтты.

«Түрік бауырларға өзіміздің атымыздан жаңа қараша үй жөнелтуді жөн санап отырмыз. Ішінде барлық жасауымен жабдықталған. Жылыту құрылғылары да бар. Қазіргі таңда Астана қаласына тапсырыс беріп жатырмын. Сенбі күні елордадан жүк көлігі шығады, біз өз қараша үйімізді сол көлікке тиеп жіберсек деген ойдамыз. Егер Қызылорда облысынан тағы да киіз үйлер жіберілетін болса, осы жақтан да жіберуге болады. Алайда әзірге ешкім ұйымдастырып жатқан жоқ сияқты», – дейді Марат Сәрсенбаев. 

Айта кетейік, меценат Сәрсенбаевтар түрік еліне 8 қанатты киіз үй жібереді. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!