Жуырда Венгрия мемлекетінде өтетін IOI 2023 халықаралық олимпиадасында Қазақстан құрмасының атынан қызылордалық оқушы Мансур бақ сынайтын болады.

С.Шаухаманов атындағы №9 дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» лицейінің 8-ші сынып оқушысы Мансур Мамадахунов халықаралық бәсекеге информатика пәні бойынша қатысатын болады.

Айта кетейік, дәстүрлі түрде жыл сайын өткізілетін олимпиада 28 тамыз бен 4 қыркүйек аралығында өтеді. Оған бүкіл дүние жүзінен мыңға жуық бала қатысады деп жоспарлануда.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!