Министрдің айтуынша, сондай-ақ математика, физика, химия, биология пәндерінің сағаттарын көбейту жоспарланып отыр.“Бұнымен қоса оқу бағдарламалары да жаңартылады. Мұғалімдерге қосымша курстар ұйымдастырылады. «STEM» білім беру тәсілдеріне негізделген жаратылыстану-математика пәндерін оқытуды күшейту жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, жоғары сыныптарда ағылшын тілін үйренуге, нақтырақ айтқанда, 10-11 сыныптардағы ағылшын тілі сағатын көбейтуге, бағдарламаларды жаңартуға және мұғалімдердің біліктілігін арттыруға баса мән беріледі. 2024 жылдан бастап «CEFR» бойынша 3-сыныпта ағылшын тілін оқыту сағаттарын ұлғайту мен қазақ және орыс тілдерін меңгеру үшін қажетті оқу жүктемесін қамтамасыз ету шаралары қабылданады», – деп атап өтті Асхат Аймағамбетов.

Қоса кетсек, сонымен қатар министр «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында кемінде 800 мың оқушы орны ашылатынын мәлімдеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!