Облыс әкімі аппараты басшысының бұйрығымен Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Ақпараттық технологиялар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне Қараев Қанат Қазбекұлы тағайындалды.

Қараев Қанат Қазбекұлы Қызылорда облысының Қармақшы ауданында туған.


Қараев Қанат Қазбекұлы – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша, Болашақ университетін «Экономика және бухгалтерлік есеп» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2007 жылы Қызылорда қаласы әкімі аппаратында Ақпараттық технологиялар бөлімінің инспекторы болып бастаған.


2009-2012 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының Электронды әкімдікті дамыту және интеграциялау бөлімінің инспекторы.
2012-2015 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Ақпараттық технологиялар орталығы» КММ интернет-ресурстарды дамыту бөлімінде бірнеше қызметтерде болып, 2015-2018 жылдары Орталық директорының міндетін атқарған.
2018 жылдан қазіргі күнге дейін – Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Ақпараттық технологиялар орталығы» КММ директорының орынбасары

атқарып келді.


Отбасылы, төрт бала тәрбиелеп отыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!