Астанадағы «Сарыарқа» сауда ойын-сауық орталығында эскалатор құлап, адамдар зардап шекті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдай кезінде эскалаторда жиырмаға жуық адам болған, зардап шеккендер бар. «Астана қаласы, Есіл ауданы, «Сарыарқа» сауда үйі. Алдын ала мәлімет бойынша, эскалатор 3-ші қабаттан 2-ші қабатқа құлаған. Құлаған кезде эскалаторда 20-ға жуық адам болған.

Апат нәтижесінде екі ересек адам мен бір бала жеңіл жарақат алған. Оларды 103 қызметі тексеріп жатыр», – деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Ресми мәліметке сәйкес, дәрігерлердің қарауынан кейін тұрғындар үйлеріне жіберілді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!