Қазір мектептер бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Маңғыстау облыстық прокуратурасы аймақта жалған дипломмен білім беріп келген мұғалімдерді анықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Прокурорлар жүргізілген талдау нәтижелерімен Маңғыстау облысының мектептерінде жалған дипломдарды пайдалану бойынша 9 дерек анықтаған.

    Мысалы, Аққұдыс орта мектебінің еңбекке баулу мұғалімі жалған дипломмен ұсталып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнің 385-бабы 3-бөлігі бойынша(жалған құжат пайдалану) жауаптылыққа тартылған.

Қарақия аудандық сотының шешімі бойынша мұғалімге жаза түрінде 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.

    Осыған ұқсас фактілер Ақтау қаласында 2 мектепте анықталған (қазақ тілі және қазақ әдебиеті), Жаңаөзен де 3 мектепте (орыс тілі, бастауыш сынып мұғалімі), Мұнайлы ауданының 2 мектебінде (бастауыш сынып мұғалімі), Бейнеу ауданының 1 мектебінде (бастауыш сынып мұғалімі).

Осы мектептер бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Өсіп келе жатқан ұрпаққа жалған дипломмен білім беріп жүрген мұғалімдердің зиян әсерін ескере отырып, прокуратура органдары осы бағытта жұмыстар жүргізуде.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!