Әлемдік өркениетте мем­ле­кет ұғымы қоғам өмірінде жоғары маңызға ие. Ал мемлекеттік қызмет үшін бедел­дің, яғни имидждің қыз­мет­тік және мәртебелік м­а­ңызы зор. Ол халықтың оған деген се­нім деңгейінің көрсеткіші және қоғамның басқарушылық қызметтің, мемлекет жүргізіп жатқан өзгерістердің тиімділігіне берген бағасының критерийі.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодекінде мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қойылған.

Қоғам мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін өзі жүзеге асыратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны – Қазақстан Республикасына қалтқысыз әрі адал қызмет етеді деп сенеді.

Кодекс халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.

Мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметке тұрғаннан кейін үш күн мерзімде осы Кодекстің мәтінімен жазбаша нысанда таныстырылуы тиіс.

Қай мемлекеттік қызмет саласы болса да, мемлекеттің сол саладағы саясатын жүргізетін орган болып табылатындықтан, сол саланың кәсіби білікті кадырлары – саланың заман талабына сай тез дамуын, уақытпен бірге жүріп отыруын қамтамасыз етеді, саланың даму деңгейінің көрсеткіштін жасайды. Екінші жағынан, мемлекеттік қызмет саласы – халыққа қызмет көрсетуші, халықпен тікелей байланыстағы қызмет екенін ескерсек, тек кәсіби маман болып қана қоюдың жеткіліксіздігі, оған қосымша халықпен араласу, қатынас жасай білу мәдениетінің қалыптасуының маңыздылығын арттырады.

Мемлекеттік қызметші аталған әдеп кодексінде көрсетілген талаптарды бұлжытпай орындауға тиіс.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының бас маман-сот отырысының хатшысы Нұржан Ержанов

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!