Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Тал егу – сауапты іс!» облыстық экологиялық акциясына қатысып, Орталық мешіт аумағында ағаш отырғызды. Іс-шараға ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері, жергілікті мемлекеттік мекеме және құқық қорғау органдарының басшылары, белсенді жастар қатысты.Экоакцияға қатысушылар 500 көшет ексе, қала аумағына 3500 ағаш отырғызылды.

Еске салсақ, биыл Қызылорда облысының тазалық, көркейту және абаттандыру жұмыстарымен белсенді айналысатын елді мекендері «Үздік аудан орталығы»,«Үздік ауыл» және қала ішіндегі «Үздік мөлтек аудан» номинациялары бойынша бағалы сыйлықтармен марапатталмақ.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!