Шымкент қаласының бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахымов әнші, Болат Назарбаевтың экс-тоқалы Динара Әлжанның қоғамда шу болған сөзіне жауап жазды. Экс-әкім өз жазбасын әлеуметтік желіде жариялады.“Шындық шырылдап жетемін дегенше, өтірік талай жерді өртейді”, – деген жазба қалдырған.

Десе де, кейіннен Facebook парақшасын бұғатқа қойды ма, жоқ өшіріп тастады ма, жоқ болды. Іздеу пәрмені арқылы оның жазбасын да, әлеуметтік парақшасын да таба алмайсыз.Еске салайық, бұған дейін әнші Динара Әлжан Ғабидолла Әбдірахымовтың Шымкент әкімі болып тұрған кезінде 70 мың доллар ақша мен 20 мың доллар тұратын сырға сыйлағанын айтқан еді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!