Сот жүйесінің конституциялық дербестігі мен тәуелсіздігін нығайтуда, сот билігінің беделін жоғарылатуда, әділ сот төрелігін жүзеге асыруда басты мәселе – соттарды материалдық-техникалық және заманауи ақпараттық технологияны соттарға кеңірек енгізумен маңызды.

 Қазіргі сот жүйесіндегі кең қолданыстағы технологиялардың бірі «Сот кабинеті» сервисі болып табылады.

Сот кабинеті – бұл электрондық ақпараттық сервис, ол сот органдарының онлайн сервисіне қолжетімді бірыңғай терезе болып саналатынын, сот ісін жүргізуді жеңілдету және азаматтар үшін сот жүйесінің қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында іске асырылған.

     «Сот кабинеті» онлайн электронды құжат айналымы азаматтар мен ұйым­дардың сот органдарымен электронды өзара іс-қимылының жаңа тәсілі. Сервис арқылы өтініш, арыз, шағым және элек­трондық түрдегі өтінімдерді әзірлеу, мем­лекеттік алымдарды онлайн түрінде төлеу, деректерді сақтау және жіберу опера­цияларын іске асырады.

      Жедел ақпараттандыру мақ­сатында сот процесіне қатысушыларға судьяның электронды-цифрлық қолтаң­басы қойылған сот актілерінің шыққаны туралы SMS жіберіледі. Сервистегі электронды сот құжаттарын көруге, сақ­тауға және жүктеп алуға болады. Бұған қоса, сервис сот кеңселері қызметкерле­ріне пошталық хабарландырудан бас тартқан барлық электронды хабарла­маларды шолып отыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, қазіргі таңда  Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты) «Сот кабинеті» сервисінде QR-кодтарының жаңа технологиясы енгізілгендігін хабарлайды.

Халыққа ыңғайлы болу үшін және бірыңғай стандартқа көшу мақсатында «Сот кабинеті» сервисінде авторизациядан өту және ұсынылатын құжаттарға қол қою тетігі өзгертілді.

Енді авторизациядан өту және құжаттарға қол қою Egov mobile мобильді қосымшасының Face ID және Touch ID (QR-кодты сканерлеу) арқылы мүмкін болады. Енгізілген жаңашылдық сервиспен жұмысты айтарлықтай дәрежеде жеңілдетеді.

.
Қызылорда облысының

мамандандырылған

ауданаралық экономикалық сотының бас маманы Г.Тәженова

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!