Алматы облысындағы колонияда сотталған адам екі жылдан аса уақыт бойы интернет-алаяқтықпен айналысқан. Бұл деректі аймақ прокуратурасы анықтады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Прокуратура мәліметінше, сотталған адам 2020 жылғы маусымнан биыл қаңтарға дейін 200-ге жуық алаяқтық жасаған. Зардап шеккендерге келтірілген залалдың жалпы сомасы 25 миллион теңгеден асады.

Қылмыс түзеу мекемесінде ұялы телефондар мен ұялы байланыс операторларының түрлі SIM-карталары арқылы жүзеге асырылған.»Бұл дерек 2023 жылғы 2 наурызда ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағында көзделген құқықбұзушылық бойынша мамандандырылған прокуратурада тіркеліп, Қонаев полиция басқармасының тергеу бөлімшесіне берілді», – деді облыстық прокуратура өкілі.Тергеу барысында сотталған адамнан екі ұялы телефон мен 41 SIM-карта тәркіленген.