«Спутник V» екпесін алған қазақстандықтар қайта вакцинациялау кезінде «Спутник Лайт» препаратын салғыза алады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Спутник V" салдырғандар қайта вакциналау кезінде "Спутник Лайт" ала алады

Цойдың айтуынша, алғашқы вакцинация кезінде алынған препараттармен ревакцинацияға рұқсат етіледі, бірақ бұл Спутник V вакцинасына қатысты емес.

«Бұған дейін алған бірдей вакцинаны ала алады. Яғни жалғастыра алады. Бір мәселе, бұл «Спутник V» емес, өйткені бұлар – әртүрлі вакциналар. Ережелерге сәйкес бірінші және екінші дозаларға ұқсас вакциналар болады деп қарастырылған. «Спутник Лайт» вакцинасы бар, соны «Спутник V»-ді салғызғандар ала алады . Менің ойымша, бұл вакцина жақын арада пайда болады. Ол «Спутник V» бірінші компоненті», – деп хабарлады Цой ОКҚ брифингінде.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой онлайн брифингте елімізде ревакцинация қалай ұйымдастырылатынын айтып берген еді. 

Коронавирусқа қарсы вакцинацияның толық курсын аяқтағаннан кейін 6-9 айдан кейін қосымша доза алу ұсынылған: 

  • векторлық (Спутник) вакцинаны салдырғандар тоғыз айдан кейін инактивтелген (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) немесе м-РНҚ (Pfizer) вакцинасын қосымша салдыра алады;
  • инактивтелген (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) вакциналарын салдырғандарға алты айдан кейін векторлық (Спутник) немесе м-РНҚ (Pfizer) вакцинасын қайта алуға болады;
  • м-РНҚ (Pfizer) вакцинасын алғандар алты айдан кейін инактивтелген (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) немесе векторлық (Спутник) вакцинасын қайта салдыра алады;
  • вакциналау курсы аяқталғаннан кейін коронавируспен ауырғандар жазылғаннан кейін үш айдан соң қайта вакциналаудан өтеді.  

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!