Қызылордалық жас кәсіпкер Даулет Ізбасарұлы 2021 жылдан бастап сабын шығаруды қолға алды. Кәсіпкер ағымдағы жылы «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы грантқа қатысып, 4,5 млн.теңге қаржылай қолдауға ие болды.

Ұтып алған гранттық қаржыға цехты кеңейту және «Ұнтақ өндірісі» (порошок) жобасын жүзеге асырмақ. – Қазіргі таңда ұнтақ өндіруге мүмкіндік беретін цех құрылысын жүргізудеміз. Алдағы уақытта «Таза ұнтақ» атауымен сатылымға шығармақпыз.

Ал, бүгінде табиғи таза, сапасы жоғары сабын өнімдерінің өлшеміне қарай 5 түрін өндірудеміз. Цехта 20-дан астам адам еңбек етеді,- деп, жас кәсіпкер кәсібін кеңейту бағытындағы жоспарымен бөлісті. Қазір шағын цех бір күнде орта есеппен 1500 дана сабын шығарады.

Қызылорда облысы тұрғындарының сұранысын қамтамасыз етіп отырған өнімдер Астана, Ақтөбе өңірлеріне де тасымалданады.

Кәсіпкерлік нысан жұмысы баспасөз туры барысында таныстырылды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!