Баланың миы жаңа білімді тез сіңіреді деп жиі айтады. Сондықтан оларға  жаңа дүниені қағып алу оңай. Әрине, оларды кез келген жаста үйретуге болады, айырмашылығы тек оқу жылдамдығы мен жеңілдігінде. Егер баланың қызы­ғушылығы болса, ал ата-анасының мүмкіндігі болса, оқуды бастау үшін 3 жас­тан 6 жасқа дейінгі кезең өте қолайлы дейді мамандар.

Баланы ерте жастан оқытуда креатив керек. Ол арқылы бала дүниені танып, үйренеді, сондықтан сабақтар да ойын форматында өту керек.

Алты-жеті жастан бастап балаға сабақта отыру, күрделі материалды қабылдау және ережелерді үйрену оңайырақ, ең бастысы, оқу шын жүректен қызығушылық тудырады. Әрине, мұғалім бастауыш сынып оқушыларымен сабақта ойын элементтерінен мүлде бас тартпау керек. Әрине, бала шет тілін меңгеруінде көп нәрсе оның темпераменті мен бейімділігіне байланысты. Бірақ жас ерекшеліктері тіл үйретуді қалай құру керектігін жақсы түсінуге көмектеседі. Мысалы, жеке сабақ форматы мектеп жасына дейінгі балалар үшін қолайлы. Бұл жаста балалардың ұжымда жұмыс істеу қабілеті әлі де нашар, сонымен бірге олар мұғалімнің назарын қажет етеді.

Балаларға шет тілін қалай үйрету керек? Ағылшын тілін немесе кез келген басқа тілді үйренудегі ең басты дүние – сабақтың жүйелілігі. Баланың күнделікті айналысуы маңызды. Сабақтар арасындағы үзілісте балалар алған білімін бекіту керек. Оларға ата-ана көмектесе алады, тіпті, күніне бес минут қайталау тілді сәтті меңгеруде рөл атқарады. Оңтайлы ұзақтығы – 30 минут. Оқу процесіндегі пайда болған қызығушылықтың нәтижесінде мотивация өседі. Сабақ бағдарламасын құру немесе курстарды таңдау кезінде баланың мүддесін ескеру маңызды.

Балаға шет тілін үйренуді қалай жеңілдетуге болады? Ағылшын тілі мектеп бағдар­ламасының көптеген пәндерімен қиылысады. Оның көмегімен сіз география, тарих, биология және әдебиет туралы жаңа фактілерді біле аласыз. Сонымен қатар, балалар әлемді ана тілінде қаншалықты көп білсе, оларға шет тілінде тақырыптарды оқу жеңіл. Сондықтан жалпы эрудицияны дамыту және білімнің әртүрлі салаларына назар аудару оқуда баға жетпес қолдау көрсетеді. Сабақты балаға қызықты ету оңайырақ болады. Сондай-ақ ағылшын тілі сабағының бағдар­ламасын деңгейлерімен салыстыру маңызды: ол материалды түсінікті және қолжетімді етеді.

Ағылшын тілін қайталаудың және оған қызығушылықты арттырудың тағы бір жолы – YouTube-тан ағылшын тілінде мультфильмдер көру. Тіпті, орыс тіліндегі мультфильмдер де ағылшын тілінде дубляждалады, сондықтан балаға өзінің сүйікті сериалын басқа тілде көру өте пайдалы әрі қызықты болуы мүмкін. Мұнда бәрі баланың қалауы бойынша болғаны маңызды.

Ботагөз ӘБЕН

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!