Бүгіннен бастап app.testcenter.kz сайтында педагогтердің білімін бағалауға өтініштерді қабылдау жүргізіледі, деп хабарлайды ҰТО баспасөз қызметі.

Педагогтердің білімін бағалау 3-22 сәуір аралығында өтеді.

Бұл тестілеуге:

— мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының педагогтері;

— білім беру ұйымдарының әдіскерлері (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлерінен басқа);

— жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтері;

мқосымша білім беру ұйымдарының (интернаттық ұйымдардың, жатақханалардың тәрбиешілері, арнайы ұйымдардың тәрбиешілері үшін) педагогтері;

— білім беру ұйымдарының, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшылары;

— техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының ( жалпы білім беретін пәндер бойынша, сондай-ақ жалпы кәсіптік және арнайы, жалпы гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық пәндер бойынша) педагогтері;

— педагогикалық бағыттар бойынша жоо және колледж бітіруші түлектері (бакалавриат-күндізгі, бакалавриат-қысқартылған, магистратура);

— педагогикалық (мамандықтар) бағыттар бойынша техникалық және кәсіптік, жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, тәжірибесі жоқ кандидаттар (оның ішінде 2022 жылғы түлектер) қатыса алады.

Айта кетейік, педагогтердің білімін бағалау бұған дейін Ұлттық біліктілік тестілеу (ҰБТ(НКТ)) деп аталған.