Sputnik. Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы «Майкубен Вест» кәсіпорнында жұмысшы көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұл ақпаратты мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті растады. 1984 жылғы жұмысшы бұрғылау-жару жұмыстарын жүргізу кезінде ауыр жарақат алған.
«24 шілдеде Баянауыл ауданындағы «Майкубен Вест» серіктестігі аумағында алдын ала бұрғылау-жару жұмыстарын жүргізу кезінде 1984 жылы туған тау-кен шебері көз жұмды», – дейді департамент басшысы Асқар Қапанов.
Қазіргі уақытта жазатайым оқиғаны тергеу жұмыстары ұйымдастырылып жатыр. Оқиғаның мән-жайы тексеріледі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
