Қазақстанның басым бөлігінде 28 шілдеде аптап ыстық пен негізінен құрғақ ауа райы сақталады. Елдің оңтүстігінде ауа температурасы +41 градусқа дейін көтеріледі. Жаңбыр мен найзағай тек елдің солтүстігі, шығысы және батысының жекелеген өңірлерінде ғана күтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, шаңды дауыл соғады. Жел екпінді болады. Ауа температурасы түнде +17…+19, күндіз +28…+30 градус.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +19…+21, күндіз +30…+32 градус.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел екпінді. Ауа температурасы түнде +22…+24, күндіз +37…+39 градус.
Ақтөбеде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +24…+26, күндіз +37…+39 градус.
Ақтауда күн ашық, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +25…+27, күндіз +37…+39 градус.
Атырауда аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +25…+27, күндіз +37…+39 градус.
Жезқазғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +21…+23, күндіз +33…+35 градус.
Қарағандыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +15…+17, күндіз +28…+30 градус.
Көкшетауда құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел екпінді болады. Ауа температурасы түнде +18…+20, күндіз +30…+32 градус.
Қонаевта құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +18…+20, күндіз +31…+33 градус.
Қостанайда аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +20…+22, күндіз +35…+37 градус.
Қызылордада күн ашық, күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +24…+26, күндіз +39…+41 градус.
Павлодарда құбылмалы бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз жел екпінді болады. Ауа температурасы түнде +17…+19, күндіз +30…+32 градус.
Петропавлда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +19…+21, күндіз +30…+32 градус.
Семейде құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз жел екпінді болады. Ауа температурасы түнде +14…+16, күндіз +26…+28 градус.
Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +12…+14, күндіз +29…+31 градус.
Таразда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел екпінді. Ауа температурасы түнде +18…+20, күндіз +33…+35 градус.
Түркістанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +24…+26, күндіз +39…+41 градус.
Оралда құбылмалы бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Бұршақ түсіп, дауыл тұрып, жел екпінді болады. Ауа температурасы түнде +20…+22, күндіз +33…+35 градус.
Өскеменде құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +14…+16, күндіз +24…+26 градус.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
