Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Министрлік пен отандық жоғары оқу орындары арасындағы келісім бойынша жеңімпаздарға білім гранттары беріледі.

Қорытынды кезең Ебіней Бөкетов атындағы Қарағанды университеті базасында өтіп жатыр.

Олимпиада 15 қараша басталып, 18 қарашаға дейін жалғасады. Зияткерлік байқауда еліміздің барлық өңірінен 182 оқушы бақ сынайды.

Айта кетейік, президенттік олимпиадаға 11 (12) сынып оқушылары қатысады. Оларға төрт пән бойынша – математика, физика, химия және биологиядан тапсырмалар беріледі.

Президенттік олимпиадаға қатысушылардың жұмысын халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары және жүлдегерлері, Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының PhD докторлары бағалайды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!