Гвинея астанасы Конакри қаласында жауған нөсер жаңбыр қаланың Дар-эс-Салам деп аталатын ең ірі қоқыс полигонында жиналған тұрмыстық қалдықтардың үйіндісін шайып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоқыс массасы көшкін түрінде төмен қарай сырғып, полигонның етегінде орналасқан лашықтар мен уақытша құрылыстарды қиратып кеткен. Төтенше жағдай салдарынан 30 адам көз жұмып, тағы 6 адам жарақат алды.

Билік өкілдері қаза тапқандар саны артуы мүмкін деп алаңдап отыр. Себебі апат болған жерде іздеу-құтқару жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.

Бұған дейін Үндістанның Мумбай қаласында болған көшкін салдарынан 7 адам қаза тауып, тағы 4 адам жарақат алды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!