Оқу-ағарту министрлігі мемлекеттік қызметкерлерге, бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесіне түзету жобасын әзірледі деп хабарлады turkystan.kz.

Құжатта мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогтерінің лауазымдық жалақысының белгіленген мөлшеріне 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап 1,3 мөлшерінде түзету коэффициентін белгілеу қарастырылған.

Жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен 27 799 880 мың теңге қаражат қажет.

Жоба 5 мамырға дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырылды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!