Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында электронды форматтағы ақылы ұлттық тестілеу басталды. Білім сынағы 10 сәуірге дейін жалғасады.
Қызылордалық түлектер «Юстади» тәуелсіз орталығында компьютерлік тестілеу алаңында ақылы ҰБТ тапсырды. Басты ерекшелік – әр мектептің оқушысы ақылы тестілеуді тапсыру күнін өзі таңдайды. Яғни сайтқа өтініш қалдырып, ұлттық тестке рұқсат алады.
Алғашқы күнде түске дейін 13 оқушы ұлттық тест тапсырды. Барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып талапкерлер білімдерін сынап көрді.
Айта кетейік, наурыз айындағы тест тек ақылы оқу орындарына түсуге мүмкіндік береді. Ал, мемлекеттік грантқа түсу тесті 11 сәуір мен 30 маусым аралығында өткізіледі. Яғни түлектер 2 рет тест тапсыру құқығына ие болады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!