Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Web of Science платформасында мақала жариялауға байланысты «Web of Science: жұмыс дағдылары және журнал таңдау» атты вебинар өтті.

Вебинарды Calarivate компаниясының Орталық Азия өңірі елдеріндегі ресми өкілі Инеш Кенжина жүргізді.

Университет бойынша вебинарға 150-ге жуық профессор-оқытушы қатысты.

Шетелдік дәріскер импакт факторы жоғары peer-reviewed журналдарға мақаланы рәсімдеп, жариялаудың қыр-сырын үйретті. Қатысушылар  мақала тақырыбын құрылымдап, тірек сөздерді тиімді пайдаланып, мақала жазу бойынша тың ақпараттармен танысты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!