Облыста мектеп бітіруші түлектер арасында «Интеллектуалды ұлт» атты сайыс болды. Бір айға созылған жобаны «Qyzylorda» телеарнасы мен «Жастар ресурстық орталығы» ұйымдастырды. Ал Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті қолдау көрсетті.

«Интеллектуалды ұлт» сайысында білімді, коммуникативті, тапқыр жастар әр кезең бойынша сынға түсіп, үздік төрт топ үшінші кезеңде өзара бақ сынасты. Сұрақтар сан алуан болды. Сайыс қорытындысында білімімен дараланған Қазалы ауданының оқушылары жүлделі І орынды, Арал ауданы мен Қызылорда қаласынан қатысқан талантты жастар ІІ орынды иеленсе, Шиелі ауданының белсенді тобы үздік үштіктен көрінді. Қатарластарынан оқ бойы озық болған Қазалы тобының мүшесі Аида Сүлейменқызына Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті Ректорының білім гранты табысталды. Ал, Арал ауданы тобының өкілі Әділхан Ахметов пен Қызылорда қаласының оқушысы Жанболат Ерболатқа университетте білім алуға 50 пайыз жеңілдік сертификаты берілді.