«Жаңа жұмыс орындарын құру – біздің басым бағыттарымыздың бірі». Облыстың 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары бойынша халық алдындағы есепті кездесуінде осылай деген аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова өңірдегі жұмыссыздық мәселесіне де жан-жақты тоқталып өтті.

Оның айтуынша, «Ауыл – Ел бесігі», «Жұмыспен қамтудың Жол картасы» мемлекеттік бағдарламаларының арқасында өңірде жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайыздан өспеген. Ал, бұл көрсеткіш республикада 5,0%-ды құрайды.

«Осы бағдарламалар аясында 2020 жылы тұрғын үй, жол және әлеуметтік салаларда 44,3 млрд. теңгеге 351 жоба жүзеге асырылды. Ал биыл 12,8 млрд. теңгеге 42 жобаны іске асыратын боламыз», – деді аймақ басшысы.

Облыста өткен жыл бойынша 20 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған. Оның 15 мыңға жуығы тұрақты жұмыс орны.
Сондай-ақ, өткен жылы халықтың нақты жалақысы 11,5 пайызға, ақшалай табысы 1,3 пайызға (83 641 теңге) өскен.

Kyzylorda-news.kz. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!