Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда бизнес бастау және дамытуға арналған мемлекеттік гранттар конкурсының алғашқы кезеңі қорытындыланып, 164 бизнес-идея қолдау тапты, деп хабарлайды KAZINFORM Алсаты қала әкімдігіне сілтеме жасай.

Комиссия қарауына барлығы 377 өтінім түсіп, оның 164-і мақұлданған.

– Грант көлемі 1,73 млн теңгеге дейін. Қолдау тапқан жобалардың қатарында азық-түлік және киім өндірісі, қоғамдық тамақтану, автосервис, сұлулық индустриясы, білім беру, IT, құрылыс және басқа да бағыттар бар, – делінген хабарламада.

Грант иегерлерінің басым бөлігі – көпбалалы отбасылардың өкілдері.

Сонымен қатар мемлекеттік қолдауға атаулы әлеуметтік көмек алушылар, асыраушысынан айырылған отбасылар және басқа да санаттағы азаматтар ие болды.

– Комиссия шешімін қатысушылар business.enbek.kz порталындағы жеке кабинетінен көре алады, – деп хабарлады әкімдік.

Қосымша ақпаратты Алматы қаласының Еңбек мобильділігі орталығынан алуға болады. Орталық Достық даңғылы, 85 мекенжайының 2-қабатында орналасқан.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!