6 мамырдан бастап Біріккен Араб Әмірліктерінде Hayat-Vax деген атпен шығарылған қытайлық Sinopharm вакцинасы Нұр-Сұлтан тұрғындары үшін қол жетімді болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы «Нұр-Сұлтан» қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Муратов мәлімдеді.

«Қазір әкімшіліктің қоймасына қытайлық Sinopharm өндірушісінің вакцинасы жеткізілді.  Ертеңнен бастап біз халықты осы вакцинамен вакцинациялауды бастаймыз», – деді Тимур Муратов.

Ол қала тұрғындары өздері қалаған вакцинаны таңдай алатынын айтты. Оған қоса, Тимур Муратов вакцина ерікті түрде жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.