© Photo : СЦК

Сәуір айында оптимистік сценарий бойынша тәулігіне 500, ал пессимистік сценарий кезінде тәулігіне 1700 науқасқа дейін тіркелуі мүмкін, дейді министр

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой эпидемиологиялық ахуалға қатысты болжамды бөлісті. Оған сәйкес, пессимистік сценарий кезінде сәуірде тәулігіне 1700 науқас тіркелуі мүмкін.

Денсаулық сақтау министрлігінің жұмыс тобы 2021 жылдың соңына дейін эпидемиологиялық жағдайдың дамуына болжам жасады. Бұл ретте міндетті маска режимі, әлеуметтік арақашықтық және вакцинацияны қоса алғанда, қазіргі шектеу шаралары сақталуға тиіс.

«Оптимистік сценарий бойынша сәуір айында тәулігіне 500 науқасқа дейін тіркеледі деп болжануда. Ал пессимистік сценарий кезінде тәулігіне 1700-ге дейін баруы мүмкін», – деді Цой үкімет отырысында.

Ол вакцинацияның бірінші кезеңінде иммунитеттің пайда болуына уақыт кететінін, сол себепті екпенің тиімділігі аса қатты сезілмейтінін айтты.

Ал одан кейін вакциналаудың тиімділігі күшейіп, елдегі эпидемиологиялық ахуалдың тұрақталуына әсер етеді.

sputnik.kz

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!