«Жол – қателікті кешірмейді» деген нақылды жиі естиміз. Рас-ақ. Көлік тізгініне отырған әр жүргізуші өз өміріне ғана емес, өзгелердің де тағдырына жауапты. Дегенмен қоғамда жылдар бойы талқыланып келе жатқан бір сұрақ бар: жол ережесін жиі бұзатын кімдер – ер азаматтар ма, әлде әйелдер ме?

Бұл сұраққа эмоциямен емес, нақты статистикамен жауап берген жөн. Өйткені стереотип әрқашан шындыққа жанаса бермейді. Өткен жылы 30 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркелсе, 2026 жылдың алғашқы алты айында 15 188 жол апаты орын алды. Тағы бір назар аударарлық дерек – жылдамдық жайында. Мәселен, 2024 жылғы статистикада адам шығынымен аяқталған жол апатына қатысты ер жүргізушілердің 20 %-ы жылдамдықты асырғаны анықталған. Әйелдер арасында бұл көрсеткіш 12%-ды құрайды. Жас жүргізушілер арасында айырмашылық одан да үлкен. 15-19 жастағы ер жүргізушілердің 36%-ы, ал әйелдердің 21%-ы жылдамдықты шамадан тыс асырады екен. Полиция департаментіндегілердің айту ын ша ағымдағы жылдың 7 ай 10 айту ын ша ағымдағы жылдың 7 ай 10 күнінде об лыс көлемінде автокөлікті күнінде об лыс көлемінде автокөлікті мас күйде басқарған адам саны – 525, қарсы бағытқа шығып басқарған – 226, жылдамдық асырудан – 82 696, ұялы телефонды қолданып көлік басқарған – 9 252, қауіпсіздік белдігін тақпаған – 27 466 дерек анықталса, жолды белгіленбеген жерден өткен 6 565 жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Дегенмен бұл жерде бір маңызды жайтты ескеру қажет. Ер адамдар, жалпы алғанда, әйелдерге қарағанда көлікті көбірек жүргізеді. Олар ұзақ сапарларға жиі шығады, ауыр техника мен жүк көліктерін басқарады, жұмыс бабымен көбірек жол жүреді. Сондықтан олардың құқық бұзушылық санының жоғары болуының бір себебі – жолда өткізетін уақытының көптігінен. Сарапшылар мұны «жүрілген қашықтық әсері» деп түсіндіреді. Алайда тек жолда көбірек жүрудің өзі барлық айырмашылықты түсіндірмейді. Мамандардың айтуынша, ер адамдар арасында тәуекелге баруға бейімділік жоғарырақ болады. Жылдамдықты арттыру, қауіпті басып озу, бағдаршамның қызыл түсінен өтіп кету немесе жол қозғалысы кезінде басқа көлікке жол бермеу сияқты әрекеттер кө біне ер азаматтардың сияқты әрекеттер кө біне ер азаматтардың қатысуымен тір келеді. Мұндай мінезқатысуымен тір келеді. Мұндай мінезқұлық, тез ашуға берілу немесе сол жол бермеген көлік жүргізушісімен бақталасу апаттың ауырлығын арттырады. Ал нәзікжандылардың жүргізу мәнері өзгеше. Көптеген зерттеу әйелдердің сақтыққа көбірек мән беретінін көрсетеді. Олар жылдамдықты сирек асырады, қауіпсіздік белдігін жиі тағады және жол қозғалысы ережелерін бұзбауға тырысады. Әрине, әйел жүргізушілер де жол апатына ұшырайды немесе ереже бұзады. Бірақ мұндай оқиғалардың басым бөлігі материалдық шығынмен ғана аяқталып, адам өміріне қауіп төндіру ықтималдығы төмен болады. Бұл дерек қоғамдағы қалыптасқан көзқарасты қайта қарауға негіз береді. Өйткені жүргізушінің кәсіби деңгейін оның жынысына қарап емес, жолдағы мәдениетіне қарап бағалау әлдеқайда әділ. Мәдениеттіне қарап деп отырғанымыз жол үстінде бір-біріне жол беру, жолда қандай да бір кем тұс болса соны байқап келесі көлік жүргізушісіне ескерту, көліктегі дұрыс емес дүниелерді сырттан байқаса айтып жіберу секілді.

Қазақстандағы жағдай да әлемдік үрдістен алшақ емес. Ішкі істер органдарының мәліметтерінде ауыр жолкөлік оқиғаларының басым бөлігінде ер адамдардың көлік басқарғаны байқалады. Бұған ерлердің жалпы жүргізушілер арасындағы үлесінің көп болуы және олардың жолда жиі жүруі әсер етеді. Сонымен қатар жол полициясы жыл сайын тіркейтін негізгі құқық бұзушылықтардың қатарында жылдамдықты асыру, қарсы бағытқа шығу, қауіпсіз арақашықтықты сақтамау және мас күйінде көлік жүргізу секілді әрекеттер бар. Мұндай құқық бұзушылықтар көбіне ауыр зардаптарға әкеледі.

Шын мәнінде, мәселенің түп-төркіні жыныста емес, жауапкершілікте жатыр. Себебі жол ережесін бұзатын әйел де, ер адам да табылады. Бірақ статистика қауіпті құқық бұзушылықтардың көбі ер жүргізушілердің үлесінде екенін көрсетеді. Бұл барлық ер азамат жол ережесін сақтамайды деген сөз емес. Керісінше, миллиондаған ер жүргізуші күн сайын жолда тәртіп сақтап, өзгелерге үлгі көрсетіп келеді. Сол сияқты барлық әйел жүргізушіні мінсіз деуге болмайды. Ия, нәзікжандылар да көлікті көп жағдайда қалағаннан емес, отбасылық өмірде жолдасына көмек болсын деп жүргізеді. Нақты айтар болсақ, балаларын сабаққа апару, жұмысқа уақытылы бару, жары жоқ сәтте өз қажеттіліктеріне өзі бара алу секілді отбасылық өмірдегі кейбір мәселелердің оң шешімі болу мүмкін. Жол қозғалысы – тәртіп пен мәдениетЖол қозғалысы – тәртіп пен мәдениеттің көрсеткіші. Әрбір жүргізуші бір сәттік асығыстықтың немесе артық тәуекелдің орны толмас қайғыға әкелуі мүмкін екенін ұмытпауы керек. Бірнеше минут ұту үшін адамның өмірін қатерге тігу ешқашан ақталмайды. Жылдамдықты арттыру, шектен тыс эмоция мәселенің шешімі емес.

Түйін: Халықаралық статистикаға сүйенсек, жол ережесін жиі әрі қауіпті түрде бұзатындар – көбіне ер азаматтар. Олар жылдамдықты жиі асырады, тәуекелге көбірек барады және ауыр жолкөлік оқиғаларына жиірек ұшырайды. Ал әйел жүргізушілер сақтыққа бейім болғандықтан, олардың қатысуымен болатын ауыр апаттар салыстырмалы түрде аз кездеседі. Дегенмен ең басты қорытынды – қауіпсіз жүргізу мәдениеті адамның жынысына емес, оның жауапкершілігіне байланысты. Жолда тәртіп сақталған жерде ғана өмірдің шамы сөнбейді, отбасының күлкісі үзілмейді, қоғамның тыныштығы сақталады.

Фариза ТӨРЕХАНОВА

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!