Фото: Премьер-министрдің баспасөз қызметі
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова үкіметте өткен баспасөз мәслихатында бұрынғы уақыт белдеуін қайтару туралы петицияға қатысты жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Денсаулық сақтау министрі бұған дейін жаңа уақыт белдеуінің қазақстандықтардың денсаулығына оң әсері болатынын айтқан еді. Алайда көпшілік уақыт белдеуі ауысқан соң өздерін физикалық және психологиялық тұрғыдан нашар сезінетінін айтып, шағымданды.
“Негізі уақыт белдеуі мәселесі бірнеше жылдан бері талқыланып келеді. Бұл жұмысқа еліміздің ғылыми орталықтары жұмылдырылды. Мысалы, физиология институты, Ф.Г.Фесенков атындағы астрофизика институты. Сондықтан бұл шешім ғылыми деректерге сүйене отырып қабылданды. Екіншіден, біз уақыт белдеуін өзгерткеннен кейін емханалар мен ауруханаларға ағылатын науқастардың азайғанын байқадық. Бүгінгі дейін “уақыт белдеуі денсаулыққа кері әсерін тигізбеді” деуге негіз бар. Мен бұл жерде халықтың денсаулығына байланысты ешқандай мәселе көріп тұрған жоқпын”, – дейді Ақмарал Әлназарова.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!