Diagnovir деп аталатын құрылғы бірнеше секунд ішінде сілекей үлгісі негізінде коронавирус инфекциясын анықтайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Түрік ғалымдарының жаңалығы Bilkent Universitesi сайтында жарияланған. Diagnovir құрылғысының принципі үлгіні көбейтуге емес, оптикалық қасиеттерге негізделген. Тестілеу үшін ауыз қуысының шырышты қабатынан сынама қолданылады. Содан кейін оны арнайы ерітіндімен араластырып, құрылғыға салады.

«Коронавирус инфекциясы флуоресцентті сигналды динамикалық қабылдау арқылы он секунд ішінде анықталады», – делінген ғалымдар мәлімдемесінде.

Айта кетейік, клиникалық кезеңге дейінгі зерттеу кезінде құрылғы коронавирусты анықтауда 99 пайыз тиімділік көрсеткен. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!