Отбасы – сыйластық, құрмет, жарастық орнаған кішкентай мемлекет. Әрбір отбасының ең маңызды қызметтерінің бірі – тәрбие, бабалар тәрбиесін бізге жеткізу, ұлттық салт-дәстүрлер, наным-сенімдерді бойымызға сіңірту.

Мен ынтымағы жарасқан қазақтың қарапайым шаңырағында дүниеге келдім. Күнделікті өзім шеше алмайтын жағдайлар болса, оны отбасыммен бірлесіп шешімін табамыз. Сол үшін де «Отан – отбасынан басталады» деп ата-бабамыз бекер айтпаған. Отбасымызда ата-әжем, әкем, анам, әпкем, сіңілім және інім жетеуміз тұрамыз. Отбасым жылулыққа, тазалыққа, қуанышқа және де махаббатқа толы. Қазығы мықты үйдің түтіні түзу шығып, өсіп-өніп тамыры тереңге кетіп, жапырақ жаяры анық. Менің үйімнің ұйытқысы, алтын қазығы – әкем мен анам. Күнделікті балаларымыз зиянды әдеттерден аулақ болсын деп, ешкімнің алдауына түсіп қалмауымызды, есірткінің соңы жақсылыққа әкелмейтінін айтып отырады. Денсаулығымызды жақсы болуын ойлап, анам бізді түрлі спорттық үйірмелерге берді. Біздің тек салауатты өмір салтын ұстануымызды қадағалап, көп көңіл бөледі. Кейбір жанұяда қолайсыздық, түсінбеушілік болып жатқанда, балалар зиянды әдеттерге әуес бола бастайды. Осы әдетке әуестенуі бірінші қоршаған орта, екінші отбасының тәрбиесінің маңызы зор. Зиянды әдеттердің ең соңғы сатысы есірткі пайдалану. Нашақорлыққа көбінесе ата-анасының жылулығы, махаббаты жетіспеген жасөспірімдер қолданады. Пайдаланып көрген адам, өзінің денсаулғына қаншалықты зиян екенін біліп тұрса да, тәуелді болып, қоя алмайды. Мұның соңы зорлық-зомбылыққа, ұрлыққа, қылмыскер атануға апаратыны барлығымызға мәлім. Осының барлығын балалардың жақсы-жаман деген антонимдік ұғымды айыра алмай, адасуынан, отбасының жылулық бермеуінен және жүрген ортасына байланысты. Сол үшін отбасыңмен бірге спортпен айналысып, ойнап, күліп, уақытты көңілді өткізу керек. Ең бастысы, өмірге сенімді көзбен қарауға үйрену. Сонда ғана іргесі берік отбасы қалыптасады, іргесі берік отбасында ешқашан есірткіге жол жоқ. Қаншалықты бойымызды есірткіден алыс ұстасақ, біздің өміріміздің өзі керемет болары хақ!

Әбдірейевтер отбасы