Бүгінге дейін індет жұқтырғандар саны республика бойынша 229 217 адам болса, 209 630 пациент жазылып шықты

НҰР-СҰЛТАН, 19 наурыз – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 1 264 адамның коронавирус індетін жұқтырғаны ПТР арқылы расталды, деп хабарлайды ведомствоаралық комиссия.

«Ең көп індет жұқтыру жағдайы Алматы қаласында (366) тіркелді. Содан кейін Нұр-Сұлтан қаласы (285) мен Қарағанды облысында (98) анықталды», – делінген хабарламада.

Қалалар мен өңірлер бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 285
  • Алматы қаласы – 366
  • Шымкент қаласы – 36
  • Ақмола облысы – 50
  • Ақтөбе облысы – 26
  • Алматы облысы – 91
  • Атырау облысы – 36
  • Шығыс Қазақстан облысы – 28
  • Жамбыл облысы – 18
  • Батыс Қазақстан облысы – 81
  • Қарағанды облысы – 98
  • Қостанай облысы – 44
  • Қызылорда облысы – 4
  • Маңғыстау облысы – 6
  • Павлодар облысы – 47
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 35
  • Түркістан облысы – 13.

Жалпы, бүгінге дейін індет жұқтырғандар саны республика бойынша 229 217 адам болса, 209 630 пациент жазылып шықты. Ал 2 881 науқас көз жұмды.

sputnik.kz