Кеше кешке екпе салынған жер сәл-сәл ауырды, таңертең басылды. Жағдайым жақсы, деп хабарлады Алексей Цой

НҰР-СҰЛТАН, 27 сәуір – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой вакцина ағзасына қалай әсер еткенін айтып берді.  

 «Вакциналаудан кейінгі алғашқы күн. Жағдайым жақсы. Кешке екпе салынған жер сәл-сәл ауырды, таңертең басылды. Баршаңызға зор денсаулық тілеймін, вакцина салдыруға келіңіздер. Өзімізді және жақындарымызды қорғайық», – деп жазды министр Instagram-дағы парақшасында.

Еске сала кетейік, 26 сәуірде Қазақстанда биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының базасында шығарылған және өңірлерге 50 мың доза мөлшерінде таратылған қазақстандық QazVac вакцинасын егу басталды.

Алексей Цой отандық вакцинаны тікелей эфирде салдырды

Кеше Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой отандық вакцинаныалғашқылардың бірі болып салдырды және оны тікелей эфирде көрсетті.

sputnik.kz

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!