Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Табынбаев Нариман Болтайұлы вакцина салдырғаннан кейін жүктілік жоспаралауға болатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

Табынбаевтың айтуынша, жүктіліктің алдында вакцина салдырса, ананың бойындағы антиденелер балаға да беріледі және бұл ешқандай қауіп тудырмайды. Алайда, жүктілік кезінде вакцина салдыру қауіпті. 

«Жүкті әйелдерге вакцина салғызуға болмайды. Ал вакцина салдырғаннан кейін жүкті болса, ана мен балаға айтарлықтай қауіп төндірмейді. Өйткені ананың бойындағы антиденелер балаға беріледі. Вакцина салдырғаннан кейін қанша уаықттан кейін жүктілікті жоспарлауға болатыны туралы ешқандай дерек жоқ. Иммунитет қалыптасқаннан кейін, бала көтеруге болады», – дейді Табынбаев.