Kyzylorda-news.kz. 2021 жылдың 1 тоқсанында Қызылорда облысы бойынша медициналық ұйымдарына 30,64 млрд. теңге төленді. Бұл қаржыландыруды Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мемлекеттік тапсырыс шеңберінде тегін медициналық қызметтер үшін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті шеңберінде жүзеге асырады. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов мәлімдеді.

30,64 млрд теңгенің 18,95 млрд теңгесі тегін медициналық көмектің кепілдік көлеміне берілген, 11,69 млрд теңгесі МӘМС аясындағы қызметтерге бөлінген.

2021 жылға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалымен 59 медициналық қызмет көрсетушілермен келісім – шарт жасалды, оның ішінде – 29 мемлекеттік медициналық ұйым, 30 – жеке меншік.

Барлығы 65,82 млрд теңгеге шарттар жасалды, оның ішінде 42,81 млрд теңге (65,04%) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, 23,01 млрд теңге (34,96%) МӘМС қаржысы құрайды.