Қызылша – жедел жұқпалы ауру. Оның негізгі белгілері адамның қызуы көтеріліп, қызылшаға тән теріде бөртпелер пайда болады. Тіпті адамның көзі қызарып, тыныс алу ағзалары зақымдануы мүмкін.Қызылшамен ауырған адам ең алдымен оқшауланып, қоғамдық ортада жүрмеуге мүмкіндігінше тырысу керек. Аурудың алғашқы белгілері: әлсіздік, тәбеттің болмауы, дене қызуының көтерілуі, жөтелдің пайда болуы. Одан кейін жұмсақ және қатқыл таңдайда бөртпелер пайда болады. Егер адам дәл осындай белгілерді өзінен байқаса, өздігінен емделуге болмайды, дереу медициналық көмекке жүгінуі керек. Қызылша ауруының алдын алудың негізгі әрі тиімді жолы – екпе алу. Осы арқылы ғана ұжымдық иммунитет қалыптастырып, аурудың өршуін тоқтатуға мүмкіндік болады.

Қызылорда облысы қызылша ауруын жұқтырғандардың басым бөлігі екпе алмаған 14 жасқа дейінгі балалар. Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы негізінде 2023 жылдың 06 қарашасынан бастап аурудың эпидахуалын тұрақтандыру мақсатында қызылшаға қарсы жаппай қосымша иммундау науқаны басталған болатын. Содан бері қызылордалық 66 004 тұрғын ауруға қарсы екпе алды. Бұл иммундау шарасы аймағымыздың барлық емханаларынжа жалғасып жатыр. Сондықтан Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ата-аналарды өз балаларына уақытылы екпе алуға шақырады.

Әлия Әбдіқайымова

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!