Фото: «Казинформ»

KAZINFORM – Үлкен Нарын ауданының прокуратурасы «Малонарым ауылының балабақша-бөбекжайы» КМҚК-да тексеру жүргізу барысында балабақша есепшісінің 3 жыл бойы өзінің және меңгерушінің шотына артық жалақы сомаларын, сондай-ақ салықтар мен міндетті аударымдарды төлеуге арналған қаражатты аударып келгенін анықтады.

Ұзақ уақыт бойы білім беру мекемесінің 18 қызметкері үшін жеке табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар төленбеген.

Жалпы алғанда, балабақша меңгерушісі мен есепшісінің шоттарына 42 млн теңгеден астам қаражат заңсыз аударылған.

Аталған факті бойынша аудан прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастады.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіндегі өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!