Елімізде борышкерлерді баспанасынан шығаруға және үйді бұзуға уақытша тыйым салынды. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты. 

Министр елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру бойынша жоспарды таныстырды. Онда әртүрлі бағыт бойынша 51 пункт бар. 

Сол пункттердің бірінде тұрғындар мен кәсіпкерлікті қолдау мәселесі қарастырылған. Атап айтар болсақ, 2022 жылдың 1 ақпанына дейін уақытша тоқтату және кейінге шегеру, утилизациялық алым ставкаларын қайта қарастыру.

Сондай-ақ, 2022 жылдың 20 сәуіріне дейін борышкерлерді немесе бұзуға кететін ғимарат тұрғындарын баспанасынан шығаруға уақытша шектеу қойылды. 

Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, әлеуметтік және басқа инфрақұрылымды қалпына келтіру бағыты бойынша жоспарда 11 іс-шара қарастырылған. Олар күш құрылымы қызметкерлерінің рухын көтеру, жауынгерлік дайындықты арттыру, бүлінген нысандарды қалпына келтіруді қамтиды.

Елдегі жағдайды тұрақтандыру бойынша жоспарды бүгін үкімет мақұлдады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!