Қазақстандық кәсіпкерлер қаңтар оқиғасының зардаптарымен күресуге көмектесуге дайын екендіктерін білдірді.

Берік Қаниев пен Юрий Пактың атынан  Lancaster Group Kazakhstan, Тимур Турлов атына Freedom Finance Holding, Кан Сергей атынан «Қазақ мұнай және газ институты» АҚ, Айдын Рахымбаев, Асхат Омаров және Бауыржан Исабаев BI Group атынан ашық үндеу жариялады.

Қазақстан Республикасының бизнес-қауымдастығын бірігуге және президент Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған бастамаларды қолдауға шақырды. Төменде өтініштің толық мәтіні берілген:

«Құрметті жерлестер! Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз. Зардап шеккендердіңтез сауығып кетуін тілейміз. Біз бірге барлық қиындықтар мен сілкіністерді жеңе алатынымызға сенімдіміз. Қазақстан халқымен ынтымақ пен бірлік таныта отырып, біз 2 миллиард теңге жеке қаражат бөлуді ұйғардық, ол:

  • қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсетуге;
  • қалаларды қалпына келтіру үшін (Алматы және т.б.);
  • зардап шеккен шағын бизнеске көмектесу.

Бұл қадам – жан-тәнімізбен сүйетін, қайғысына ортақтасқан қалаларды қалпына келтіруге нақты үлес қосуға әрқайсымыздың ерікті тілегіміз. Біз жеке үлес қосуды шештік. Бір-бірімізге сенім артып, күш біріктіру арқылы ғана елімізді көркейтіп, бұдан да зор нәтижеге қол жеткізе аламыз! Біз бизнес өкілдерін бірігіп, осы бастамаға қосылуға шақырамыз. Қазақстан қалаларының бұрынғы келбетін қалпына келтіру, экономикалық белсенділікті қалпына келтіру және адамдарға көмек қолын созу біздің қолымызда! Қазақстан халқына бейбіт заман және зор денсаулық тілейміз!» – делінген хабарламада. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!