Қызылорда қаласындағы колледждің бірінде сабаққа қатыспаған студенттерге 17,4 млн теңге заңсыз стипендия аударған директор жазаланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Облыстық прокуратура Қызылорда қаласындағы колледждердің бірінде сабаққа қатыспаған және семестр қорытындысы бойынша қанағаттанарлық баға алған студенттерге стипендия аудару дерегін анықтады.

«Аталған дерек бойынша облыс прокуратурасы сотқа дейінгі тергеуді тіркеді. Сараптама қорытындысы бойынша келтірілген залал 17,4 млн теңгені құрады. Қызылорда қаласының №2 сотының үкімімен колледж директоры ҚР Қылмыстық кодексінің 371-бабында (немқұрайлылық) көзделген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған жаза тағайындалып, келтірілген залал толық өтелді. Облыстық прокуратура тарапынан бюджет қаражатын игеру саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету жұмыстары жалғасады», – деп мәлім етті облыстық прокуратурадан.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!