Сбер Банк Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі  мен Қазақстан Ұлттық банкінің көмегімен мобильді қосымшаның жұмысы қалпына келтірілгенін, енді оның интернетсіз жұмыс істейтінін хабарлады. 

Банк филиалдарының бас офистерінің бөлімшелеріндегі банкоматтарды Қазақстанның барлық аймағында штаттық тәртіпте қолдануға болады, ал Алматы және Алматы облысында банкоматтардың жұмысы елдегі жағдай тұрақталғанда қалпына келтіріледі.

Сондай-ақ банк терроризмге қарсы операциялар барысында қаза тапқан әскери және құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатарындағы клиенттердің қолданыстағы несиелерін кешіреді.

Сбер Банк қайтыс болған азаматтардың жақындары мен туыстарына қайғырып көңіл айтады.

Сонымен қатар қаңтар айының соңына дейін заңды және жеке тұлғалардың несиелері бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептеуді тоқтату туралы шешім қабылданды.