Microsoft компаниясының негізін қалаған миллиардер Билл Гейтс бай елдер адамзатты климаттық апаттан қалай құтқара алатынын жариялады, деп хабарлайды Technology Review басылымы.

– Бай елдер 100% синтетикалық сиыр етін тұтынуы керек деп санаймын. Сіз оның дәміне үйренесіз. Өндірушілер де уақыт өте келе мұндай еттің сапасын жетілдіреді, – дейді Гейтс.

Оның ойынша, өсімдік ақуыздарын тұтынуға көшу мал шаруашылығы салдарынан ауаға бөлінетін метанды азайтуға септігін тигізеді. Бұған дейін Билл Гейтс адамзат үшін климаттық бейтараптыққа қол жеткізу ең қиын міндет деп атаған еді. Миллиардердің пікірінше, климаттық бейтараптыққа қол жеткізу үшін адамзат парниктік газ шығаруды азайтуы тиіс. Яғни ол көмір, мұнай және газ жағуға негізделген энергия өндірісі қысқару керек дегенді айтады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!