Алматы тауларында бақылау бекеттері қойылды. Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, тау беткейлерінде қар көшкіні жүру қаупі сақталады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«ТЖД көшкін қаупі туралы № 13 ескерту негізінде: 2023 жылғы 5-7 сәуір аралығында үлкен және Кіші Алматы өзендері бассейнінде қар көшкіні қаупі сақталады. Осыған байланысты қар көшкінін тудырмас үшін қар басқан беткейлерге шығу ұсынылмайды, тауға барудан бас тартқан дұрыс», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар Аюсай шатқалындағы сарқырамаға адамдардың өтуіне жол бермеу үшін Бостандық ауданы ПБ қызметкерлері арасынан Аюсай бөгеті алдына пост орнатылды. Шымбұлақ маңындағы қар көшкіні қаупі бар аймаққа да блокбекет орнатылған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!