Бүгін ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жылу маусымына дайындық пен Әлеуметтік кодекстің жаңа нұсқасы талқыланды.

Жиында ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев жауапты маусымға дайындық шараларын баяндап, шешімін қажет ететін мәселелерді атап өтті.

Премьер-Министр қысқа дайындықты қазірден бастау керек екенін ескертіп, жылу желілерін жөндеу жұмыстарының қарқыны өте баяу екенін айтты.

Үкімет отырысынан соң облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-Министр берген тапсырмаларды пысықтау мақсатында жиын өткізді.

Аймақ басшысы қысқа дайындықты уақытылы бастаудың, жылу беру маусымын ақаусыз, апатсыз өткізудің маңызына тоқталды.

«Дайындық жұмыстары басталып кетті. Дегенмен кемшіліктер де бар. Сондықтан ертерек қамданып, алдағы уақытта апатты жағдайларды болдырмау керек. Жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге сай орындалуы тиіс, ең бастысы – сапасын қатаң қадағалау қажет», – деді ол.

Жиын қорытындысымен Нұрлыбек Машбекұлы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасына, коммуналдық кәсіпорын басшыларына жылу беру нысандарын мерзімінде жөндеуді, қажетті отын қорын жасақтауды тапсырды. Коммуналдық мекемелердің үзіліссіз жұмыс істеуін қадағалап, қажет болған жағдайда күнделікті аралап, жағдайды бақылау ұстауды міндеттеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!