Қармақшы ауданында күріштің 30 пайызы қамбаға құйылды.

Қармақшы ауданының әкімі Әділбек Ерсұлтанов Дүнижүзілік күріш күнінде арнайы бірқатар елді-мекенді аралап, Төребай би, Жаңажол және ІІІ Интернационал ауылдарында болып, шаруашылық басшыларымен қатар егінжай ерлермен жүздесті.

Қамбаға астық толған қырман басындағы кездесуде күріштен тау тұрғызған ерен еңбеккерлермен қатар бүгінде ақеден еңбек етіп, Сыр маржанын төкпей-шашпай жинап, күндіз-түні тер төккен күрішші диқандардың еңбегін сөз қылды.

Аудан әкімі Әділбек Ерсұлтанов Сыр елінің күріші байлықтың, берекенің белгісі екендігін, сондықтан сыр маржанынан мол өнім жинап, ел қамбасын алтын дәнге толтыруда еңбек етіп жүрген ел диқаншыларына сәттілік тілеп, алғысын жеткізді.

Бүгінде Қармақшы ауданы бойынша жалпы егіс көлемі 24326 гектарды құрайды. Оның ішінде күріш дақылы 12773 гектарға орналастырылған.

Қазіргі таңда ауданда күріш ору және бастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ннәтижесінде бүгінгі күнге дейін орылған 4 300 гектар күріштің 3 000 гектары бастырылып, орта өнім гектарына 56 центнерден келіп, егілген өнімнің 30 пайызы қамбаға құйылған. Ауданда егін ору жұмыстары жалғасуда.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!